Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында «Қазақшаң қалай, балақай?» онлайн байқауы өтті

2021 жылдың 3 мамыр 2021 20:54

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар қолға алынған. Бұған ересектер ғана емес, кішкентай ақмолалықтар да үлес қосуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Осы ретте, облыстық деңгейде онлайн режимінде түрлі ұлт өкілдерінің балалары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған «Қазақшаң қала, балақай?» дәстүрлі онлайн байқауы өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы кездері байқауға қатысуға ниет білдірушілер саны артып келеді. Биыл олардың саны әлдеқайда көп. Байқау алдында іріктеу туры өтті. Сахнаға 12 мықты команда шығып, бақ сынады.

Байқаудың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға және сауатты жазуды қалыптастыруға бағытталған. Жеңімпаздар мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша ғана емес, материалдың сыртқы келбеті мен көрсетілуіне назар аударылды.




«Біздің мемлекеттік тілімізді дәріптеу, тіліміздің қасиеттерін түсіндіру мақсатындағы бұл байқау өте маңызды. Барлық қатысушылар өте лайықты болды. Әр адам тілдерді жетік меңгергенін көрсетті. Біз барлық балалар қазақ тілінде жазылған өздерінің шығармашылық жұмыстарын лайықты түрде ұсынды деп есептейміз», - деп атап өтті қазылар алқасының мүшесі Айдана Жаргүлбаева.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды Есіл, Аршалы және Бурабай аудандары балабақшаларының кішкентай тәрбиеленушілері өзара бөлісті.





Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Тіл, Білім,
Жоғары қарай