Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында кептердің жұмыртқасындай бұршақ жауды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 20:45

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Щучье және Макинск аумағында кептердің жұмыртқасындай бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК Ақмола облыстық филиалының мәліметінше, бұршақтың жаууы олардың стансасында тіркелмеген, алайда, ондағылар бұршақтың түскенін жоққа шығармайды. Есесіне алдағы күндері өңірде тағы бұршақ жауатыны болжауда.

Айта кетсек, осыған дейін Ақмола облысы аумағында дауылды ескерту жарияланды. 10 тамыздан бастап, өңірдің басым аумақтарында жауын-шашын, кейбір өңірлерде күн күркіреп, желдің екпіні артып, бұршақ жауатыны ескертілді. Оңтүстік батыстан, оңтүстік бағыттан соққан желдің екпіні кей өңірлерде 15-20 м/с, күндіз 23 м/с жететіні болжанды.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Ауа райы,
Жоғары қарай