Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында киіктердің қырылуы қаупі төніп тұр

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 09:02

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында киіктердің қырылуы қаупі төніп тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыс бойынша орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 2020 жылдың желтоқсан айында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында 25 мың киік саналды. Соңғы күндері ауа райының күрт бұзылуы өңірде қыстап қалған киіктерге қауіп төндіріп отыр.

«2021 жылғы қаңтар айының басындағы қатты аяз (кейбір жерлерде минус 42 градус дейін) және ақтүтік боранның салдарынан облыс аумағында жабайы жануарлардың шөп тауып қоректенуіне қиындық туып отыр. Оның ішінде киіктердің аштан қырылу қауіпі бар. Тіпті, кейбір өңірлерде киіктердің аштан өлген деректері де тіркелді. Сол себепті, орын алып отырған жағдайға байланысты және киіктерден жаппай қырылуын болдырмау үшін Қорғалжын, Егіндікөл, Жақсы және Атбасар аудандары аумағындағы киіктер жүретін аумақтағы қарды «К700» тракторымен күрету туралы аталмыш аудандардың әкімдеріне нұсқау берілді», - дейді ведомстводан.


Жоғары қарай