Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.07
EUR 427.54
RUB 6.08
CNY 55.36

Ақмола облысында көпбалалы отбасыларға қолдау көрсету шаралары түсіндірілуде

2019 жылдың 21 қазан 2019 13:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көп балалы отбасыларға мемлекеттік қолдау көрсету атаулы әлеуметтік көмек беріліп жатса да өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Түсіндіру жұмыстарына Ақмола облысы бойынша мемлекеттік органдармен бірге қоғамдық ұйымдар да тартылды. Осылайша ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Отбасы мектебі» қоғамдық қоры биылғы жылдың қыркүйек–қазан айларында құзырлы ведомстволар өкілдері мен көпбалалы аналардың кездесулерін тұрақты түрде ұйымдастыруда.

Көкшетаудағы 30 анаға мұндай кездесу кезекті рет өткізілді, оған әлеуметтік қолдау, ана мен баланы қорғау, білім, мәдениет, жолаушылар тасымалы және ТКШ мәселелері бойынша салалық басқармалардың басшылары қатысты.

Іс-шара барысында көп балалы аналар мен отбасыларға мемлекеттік қолдау саласындағы заңнамаларды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматуллина АӘК төлеу туралы және жәрдемақыны қалай ресімдеу керектігі туралы айтып берді.

«АӘК-ні есептеудің басты бағыты – еңбекке ынталандыру және келесі жылдан бастап отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыс істеуі тиіс, әйтпесе АӘК төлемдері тоқтатылады. Көмек өмірдің қиын жағдайына тап болған және одан өз бетінше шығуға мүмкіндігі жоқ адамдарға тағайындалуы керек», - деп атап өтті Шолпан Салыққызы.

Сондай-ақ, көп балалы отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар арасында әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін тапты. Қазір мектепте тегін тамақтануға мүмкіндік бар, сондай-ақ тамақпен қамтамасыз етуде шамамен 13 мың ақмолалық оқушыға жеңілдік бар.

Өз кезегінде көп балалы аналар сарапшыларға өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, толық жауаптар мен түсініктемелер алды, мәселелерді шешу бойынша тапсырмалар берілді және бүгінгі таңдағы проблемалар бақылауға алынды. Кездесу соңында балаларға дайындалған арнайы тәтті сыйлықтар аналар үшін күтпеген тосын сый болды.

Айта кету керек, мұндай шаралар соңғы екі айда өңірдің түрлі елді мекендерінде осымен 10-рет өтуде.













Жоғары қарай