Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында коронавирус жұқтырудың алтыншы жағдайы туралы

2020 жылдың 29 наурыз 2020 12:29
28 наурызда Ақмола облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың тағы бір оқиғасы расталды. Қазіргі кезде өңірде алты адам ауруға шалдыққан.
КВИ 1953 жылғы ер адамнан анықталды. Қосшы ауылында тұратын ол бұған дейін ауру адаммен тығыз байланыста болғандықтан, «Көкше» облыстық оңалту орталығының карантиндік стационарында жатқан.
Емдеу шаралары науқастардың ауру белгілері және жалпы жағдайы ескеріліп, тиісті хаттамаға сәйкес жүргізіледі.
Қазіргі кезде облыстағы стационарларда 92 пациент жатыр, соның ішінде.
Инфекциялық – 4 пациент (АОПТД).
провизорлық - 39 пациент.
Карантиндік стационарларда 49 адам.
Жалпы 434 адам бақылауда.
Басты сөздер:
Жоғары қарай