Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында коронавируспен ауырған балаларды шипажайда сауықтыру қарастырылған

2020 жылдың 21 қазан 2020 20:40

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының шалғай аудандарында коронавируспен ауырған балаларға тұрғылықты жері бойынша көмек көрсетіледі. Егер қажет болған жағдайда науқас балалар Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасына медициналық ұйымның автокөлігімен тасымалданады. Бұл туралы облыстық көпейінді балалар ауруханасының бас дәрігері Елена Иванова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас дәрігердің айтуынша, қауіпті індеттің екінші толқынына әзірлену мақсатында Ақмола облыстық көпбейінді балалар ауруханасында коронавирус жұқтыруы мүмкін балаларға арналған арнайы жұқпалы аурулар стационары жұмыс істейді.

«Қазіргі заманға сай жабдықталған станционардың материалдық-техикалық базасы талапқа сай, кадр жеткілікті, интенсивті терапия, өкпеге диагностика жасайтын жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қаупті топтағы балалар да осында жатқызылатын болады. Станционарда 15 керует, 2 жансақтау керуеті бар. Бұдан бөлек 57 пульсоксиметр, 12 оттегі концентраты, 1 өкпені жасанды желдеткіш аппараты сияқты қажетті препараттар мен дәрі-дәрмек қоры жасалған», - деді журналистермен өткен брифингте Елена Иванова.

Ол атап өткендей, өңірде балалардың арасында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу және жұқтырған кезде емдеу бойынша тиісті шаралар қарастырылып отыр.

«Облыстың шалғай аудандарында коронавируспен ауырған балаларға тұрғылықты жері бойынша көмек көрсетіледі. Ал, қажет болған жағдайда науқас балалар Ақмола облыстық балалар ауруханасына медициналық ұйымның есебінен автокөлікпен тасымалданады. Коронавируспен ауырған балалар алдымен медициналық мекеменің қабырғасында ем қабылдайды. Кейін шипажайда сауықтырудан өтеді», - деп толықтырды бас дәрігер.


Жоғары қарай