Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

Ақмола облысында қысқы спартакиаданың жеңімпаздары анықталды

2019 жылдың 4 наурыз 2019 22:20

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бұланды ауданында өткен «Хрустальды масақ» қысқы облыстық спартакиадасының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, осымен 33-інші рет ұйымдастырылып отырған спартакиаданың жабылу салтанатына Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова қатысып, жүлдегерлерді құттықтады.

«Бәсекеге облыстың әр ауданынан келген 600-ге жуық адам қатысып, шаңғы жарысы, допты хоккей және биатлон тәрізді қысқы спорт түрлері бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша аудандар арасында Бұланды ауданының құрамасы бірінші орын алса, одан кейінгі екінші және үшінші орындарды Ақкөл және Есіл аудандары өзара бөлісті. Ал қалалар арасында Көкшетау қаласының құрамасы ешкімге дес бермеді. Бұдан кейінгі екінші орынға Щучье құрамасы тұрақтаса, үшінші орынға атбасарлықтар лайық деп танылды», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Махаббат Большина.



null

Жеңімпаздар арнайы грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

«Хрустальды масақ» спартакиадасының туы жарыстың келесі жолғы ұйымдастырушысы - Атбасар ауданында тапсырылды.




null


null


null


null


null

Жоғары қарай