Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты қолөнер шеберлерінің байқауы өтті

2021 жылдың 30 мамыр 2021 16:16

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында сәндік – қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнершілер арасында «Менің Отаным – менің Қазақстаным» байқауының аудандық кезеңін өткізу жалғасуда. Биылғы шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

«Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастырушылары атап өткендей, байқау қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, шеберлердің шығармашылық әлеуетін іске арттыру, Қазақ ұлттық өнерін дамыту және еңбек құндылықтарын белсенді ілгерілету мақсатында өткізіледі. Көрме экспонаттарының тізімі әртүрлі тұрмыстық заттар мен декорлардың, бейнелеу өнерінің ондаған атауларынан тұрды. Қолдан жасалған көптеген туындылар бірде – бір қонақты және қазылар алқасының мүшелерін бей-жай қалдырмады, барлығы-кесте, бисер және шілтер тоқу, ағаштан және пластиктен жасалған құстардан жасалған тұрмыстық заттар, құрақ тігудің дәстүрлі ұлттық техникасындағы бұйымдар, жүн мен құмнан жасалған суреттер таң қалдырды.

Жүлдегерлерге грамоталар мен бағалы сыйлықтар берілді. Бас жүлде – Гран-при Шортанды ауданынан келген Кәрім Бектасқа бұйырды, ол ұсынған экспонаттар шығармашылық жарыстың барлық өлшемдеріне сәйкес келді. Ал Ақкөл қаласының тұрғыны Геннадий Конкушев бірінші орынды иеленді, оның пластиктен жасалған дала құстарының коллекциясы қазылар алқасы мүшелерінің ғана емес, қатысушылардың да таңданысын тудырды.




Қазылар алқасының төрағасы Ермек Нұғманов байқаудың қатысушыларына алғыс айтып, жүлдегерлерді марапаттады.

«Біз арамызда талантты адамдардың қаншалықты көп екеніне көз жеткізіп отырмыз. Біздің міндетіміз олардың шығармашылығымен таныстыру ғана емес, ғажайып жауһар туындыларды жасау және жасау әдістерін өскелең ұрпаққа берілуіне жағдай жасау», - деп бөлісті «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Ермек Нұғманов.

Айта кетейік, бұл байқау ел егемендігінің мерейтойына орай өңірде өткізілетін бірқатар шығармашылық іс-шараларды толықтырып отыр.


Жоғары қарай