Ауа райы
Астана -26 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында мониторингтік топ қоғамдық көліктерді тексеруде

2020 жылдың 23 қазан 2020 11:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мониторингтік топ қоғамдық көліктерде сантиралық талаптардың сақталуын тексеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мониторингтік топ құрамында Көкшетау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау басқармасыны, полиция және қалалық әкімдік мамандары бар. Топ мүшелері облыс және Көкшетау қаласындағы қоғамдық көліктерде сантиралық талаптардың сақталуына назар аударуда. Қоғамдық көлік жүргізушілері мен жолаушыларына санитарлық талап ережелерін түсіндірді. Оның ішінде жүргізуші мен жолаушының міндетті түрде маска тағып жүруі, көлік ішінде антиспетик болуы және дизенфекциялық режим сақталуы айтылды.

«Тексеріс барысында бірқатар заңбұзушылықтар орын алғаны белгілі болды. Қоғамдық көліктерде жолаушылар саны шамадан артқаны, кейбір адамдардың маскасы жүргені, жүргізуші көлікті саусаққапсыз басқарғаны және жүргізуші мен жолаушыларды бөліп тұратын арасында шектеудің болмағаны анықталды», - деді ведомстводан.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, №8, 5, 12, 3, 14 бағытындағы автобустарда заңбұзушылықтар анықталып, кінәлі тұлғаларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Рейд одан әрі жалғасуда.


Жоғары қарай