Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында мұғалімдер күніне арналған құттықтау онкүндігі өтуде

2021 жылдың 28 қыркүйек 2021 18:40

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мұғалімдер күніне арналған құттықтау онкүндігі басталды. Қыркүйектің 20-да басталған шара 1-ші қазан күні «Болашақ сарайы» сарайында өтетін Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыспен аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, аталмыш шара педагог (мұғалім, тәрбиеші) мамандығының беделін арттыруға, педагогтардың өз оқушыларынан, олардың ата-аналарынан, әріптестерінен алғыс алатындай ерекше мерекелік орта қалыптастыруға бағытталған.

«Бейнероликтер, педагогтармен және оқушылармен сұхбат, педагогтар әулеттері өкілдерімен онлайн-кездесулер, педагогтардың, табысты түлектердің, педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен телехабарлар топтамасы, газеттердің арнайы шығарылымдары жоспарланған.

Мереке қарсаңында барлық мектептерде заманауи әлемдегі терең білім мен бәсекелестік құзыреттіліктің маңыздылығына назар аудара отырып, «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбымен ашық сабақтар өткізіледі», - деді ведомстводан.




Бұдан бөлек, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен көрнекті қазақ ағартушысы, жаңашыл педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығын мерекелеу аясында «Қазіргі білім беруде Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеялары» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өтті. Сондай-ақ мектеп оқушыларын, колледж студенттерін, ата-аналардың қатысуымен «Алтынсарин мұрасы-мәңгіліктің игілігі» атты сыныптан тыс тақырыптық іс-шаралар өткізілуде.

Ақмола облысы білім басқармасының Instagram әлеуметтік желісінде білім беру ұйымдарының Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған челленджі іске қосылды. Онда оқушылар мен мұғалімдер ұлы мұғалімнің шығармаларын оқиды.

«Үздік педагог – 2021» байқауының жеңімпаздары әлеуметтік желілер, БАҚ арқылы марапатталады. Білім беру ұйымдарында челлендждер және бейнеқұттықтаулар байқауы өтеді.

Онкүндік 2021 жылдың 1 қазанында «Болашақ сарайы» сарайында өтетін Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиналыспен аяқталады.








Жоғары қарай