Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Ақмола облысында мұз опырылып, балықшылардың көліктері суға түсіп кетті

2020 жылдың 31 наурыз 2020 13:48

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында мұз опырылып балықшылардың көліктері суға түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы WhatsApp мессенджері арқылы видеожазба тарады. Онда «Тойота Ленд Крузер», «Лексус» және «Нива» тәрізді жол талғамайтын көліктердің бел ортасынан мұзды суға батып тұрғанын көруге болады. Видеода ондаған адамдар «Беларусь» тракторының көмегімен көліктерді бірінің артынан бірін судан сүйреп шығаруда. Видео авторы оқиғаның Зеренді ауданында болғанын айтады.

Бұл туралы Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне хабарласып сұраған едік. Ондағылар оқиғаның Зеренді ауданында болғанын растады.

«Зеренді аудандық ТЖ бөлімінен сұрастырып білдік. Олар оқиғаның Зерендіде болғанын айтты. Тек, балықшылар құтқарушылардың көмегіне жүгінбей, өз күштерімен көліктерін алып шықты. Сол себепті бұдан өзге ақпарат айта алмаймын», - деп түсіндірді ТЖД баспасөз қызметіндегілер.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай