Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында орталықтандырылған сумен қамту деңгейі қандай

2020 жылдың 27 қараша 2020 14:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысындағы 54 елді мекенде таза ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы іске асырылды. Бұл туралы өңір әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл халықты таза ауыз сумен қамтуды кеңейту мақсатында облыстағы 54 елді мекенде (62 жоба) жобалар іске асырылып жатыр. Жобалар аяқталғаннан кейін 30 мың ауыл тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіледі, қамту деңгейі 83 пайызға жетеді», - деді облыс әкімі Орталық коммуникациялар қызметінде.

2023 жылға дейін әзірленген сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту жөніндегі жол картасы шеңберінде 118 елді мекенде су құбыры желісін салу, 60 шағын ауылда жергілікті блок-модульді орнату жоспарланып отыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Ақмола облысында 570 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Сонымен қатар азық-түлік белдеуі аясында өңірде 41 жоба іске асырылып жатыр.



Жоғары қарай