Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының қатысуымен еске алу шарасы өтті

2021 жылдың 29 мамыр 2021 18:54

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында саяси қуғын-сүргін құрбандары ұрпақтарының қатысуымен еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Тарихтағы бұл қаралы күн Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап аталып өтеді. Саяси репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға «ұлтшыл» деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Бейімбет Майлин, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Тұрар Рысқұлов, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа зиялылар ату жазасына кесілді.




Қорғалжын ауданында өткен шараға аудан әкімі Берік Женбаев, жергілікті зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, сондай-ақ саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Бөлеген Мұхамедияұлы Тыныбеков, Лев Васильевич Гейленгер, Валентина Николаевна Деткова, Мария Яковлевна Латыпова, Нина Александровна Бойченко қатысты.




Шара барысында саяси қуғын-сүргін құрбандары мен Алаш қайраткерлерінің құрметіне ағаш отырғызылды.











Жоғары қарай