Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында техқызметкерлерге тиесілі үстемеақы төленбей келген

2021 жылдың 24 мамыр 2021 22:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы прокуратурасымен 400-ден астам қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңір прокуратурасына сілтеме жасап.

Еңбек заңнамасын талдау барысында прокурорлар мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындар тарапынан үй-жайларды тазалауды жүзеге асыратын қызметкерлердің құқықтарын бұзу жағдайларын анықтады.

«Ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындарының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» 2015 жылғы ҚР қаулысына сәйкес өндірістік және қызметтік үй-жайларды жинау кезінде дезинфекциялау құралдарын пайдаланатын жинаушыларға базалық лауазымдық айлық ақының 20 пайызы, ал дезинфекциялау құралдарын пайдалану арқылы дәретханаларды жинаушыларға 30 пайыздан бастап үстемақы төленеді. Алайда бұл талаптар сақталмайды», - деді ведомстводан.

Айталық, Бурабай ауданының Веденов ауылдық округінде техникалық қызметкерлерге қызметтік үй-жайларды және дәретхананы жинағаны үшін 30 пайыз мөлшерінде үстемақы төленбеген.

Осылайша ай сайынғы жалақыға 5 мың теңгеден астам ақша қоса төленбеген, бұл жайт елеулі болып табылады.

Мұндай бұзушылықтар облыстың барлық аудандары мен қалаларында анықталды.

«Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша бұзушылықтар жойылды, төлем толық көлемде жүргізіледі. Сонымен қатар, қызметкерлерге 2020 жылға арналған жалақыға тиісті үстемақылар төлеу туралы мәселе шешілуде.Осы бағыттағы жұмыстар әлі жалғасуда», - деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай