Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмола облысында террористік қауіптіліктің қалыпты «сары» деңгейі енгізілді

2022 жылдың 13 қаңтар 2022 20:57

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында террористік қауіптіліктің қалыпты «сары» деңгейі енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылғы 13 қаңтардан бастап Ақмола облысының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабтың басшысымен террористік қауіптіліктің қалыпты «сары» деңгейі енгізілді (Қазақстан Республикасы Президентінің 09.08.2013 ж. №611 «Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» жарлығының талаптарына сәйкес).

Облыс тұрғындары мен қонақтарын уақытша шектеулерге түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және құқық қорғау мен арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», - делінген терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабтың мәліметінде.


Жоғары қарай