Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында «Тіл шебері» байқауының жүлдегерлері анықталды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 18:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық онлайн-байқауы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Жас мамандарды қолдау, тіл мәдениетін арттыруға ықпал ету, жастардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыру және бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған байқауға байқауға 21-35 жас аралығындағы 12 үміткер қатысты. Жүлдегерлер тілді білу деңгейі, жауаптардың сапасы мен мазмұндылығы, дұрыс айтылуы мен жазылуы бойынша анықталды. Оның ішінде 3 орынға Гульдана Бейсенбек лайық деп танылса, 2 орынды Жұлдыз Ехсанова алды, ал «Тіл шебері» Мөлдір Жұмабекқызы атанды.





«Барлық қатысушылар өте лайықты болды. Олардың әрқайсысы тілдерді жетік меңгергенін көрсетті. Барлық уақытта бірнеше тілді меңгерген халық өзінің коммуникативтік және интеграциялық қабілетін кеңейтті. Сондықтан бүгінгі байқау қатысушыларға көптілділікті білуге және бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуға мүмкіндік береді. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей және жаза білетін адам өз елінде де, шетелде де бәсекеге қабілетті тұлға болады», - деп бөлісті қазылар алқасының төрағасы Айнагүл Бейсембина.

Байқау жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Тіл, Білім,
Жоғары қарай