Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында төрт жыл бұрын велосипед ұрлаған ұры ұсталды

2020 жылдың 29 қараша 2020 05:23

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлері 2016 жылы жасалған велосипед ұрлығын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2016 жылғы 3 тамызда Державинск қаласының тұрғыны полицияға белгісіз біреулердің кәмелетке толмаған баласының «Forward» велосипедін ұрлап әкеткенін айтып, арызданған. Сол кезде, жасөспірім Есіл өзенінің жағасында велосипедін қалдырып, өзі суда жүзуге кеткен. Осы сәтті пайдаланып, ұры велосипед көлігін иеленіп кеткен. Кейін белгілі болғандай, ол мас күйде болған. Жарқайың аудандық ПБ қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол Державинск қаласының 33 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақ алынды. Күдіктіге «шақырғанда келу туралы міндеттеме» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды», - дейді ведомстводан.

Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Ақмола облысы,
Жоғары қарай