Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында үздік педагог-психолог анықталды

2021 жылдың 26 қазан 2021 10:28

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «Үздік психолог» байқауы өтті. Оның қорытындысы бойынша бас жүлдені Жақсы ауданының педагог-психологы Аида Ахметова жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазан айының 21-22 аралығында ұйымдастырылған «Үздік психолог» сырттай байқауына облыстың білім ұйымдарындағы 19 психолог мұғалім қатысты.

«Байқауға қатысушылар - алдын ала іріктеу турының нәтижесі бойынша анықталған үздіктер. Байқауда өздерінің кәсіби біліктілігін ортаға салған тәжірибесі мен жұмыс өтіліне қарамастан әрбір қатысушы арнайы сыйлық алды», - деді ведомстводан.

Байқауға «жан туралы ғылымның» жас маманынан бастап, атақты корифейлері I – үш жылға дейінгі жұмыс өтілі бар психологтар, II – үш жылдан жеті жылға дейін, III – жеті және одан да көп жыл санаттары бойынша қатыса алады.

«Облыстық байқаудың жеңімпазы ретінде бас жүлдені Жақсы ауданы Қима ауылының Өскенбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің педагог-психологы Аида Бейсенқызы Ахметова жеңіп алды», - деді ведомстводан.

Білім басқармасынан атап өткендей, байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат - психолог мұғалімдердің кәсіби деңгейін, шығармашылық әлеуетін арттыру, сондай-ақ Ақмола облысының білім беру жүйесінде практикалық психология қызметін жақсарту.


Жоғары қарай