Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысында жоғалған 3 балықшының екеуінің денесі табылды

2020 жылдың 29 қазан 2020 17:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан ауданында жоғалған үш балықшының екеуінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі төтенше жағдайлар министрлігіне баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның ресми өкілі Талғат Уәлидің мәліметінше, балық аулауға шыққан үш дос ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кейін жағадан бір шақырымдағы қамыс арасынан төңкерілген металл қайық табылды.

Оқиға Ұзынкөл ауылдық округінің аумағындағы Баршын көліне жақын тұста болған. Іздестіру жұмыстары барысында 1981 және 1976 жылы туған екі ер адамның денесі табылды, 1978 жылы туған үшінші ер адамды іздеп жатыр.

«Мұз астынан балық аулаушылар жеке құтқару құралы болған кезде ғана балық аулағаны жөн. Егер сіз қайықта балық немесе аң ауласаңыз, онда ол техникалық жағынан жақсы, су төгетін және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы керек. Қайықта міндетті түрде құтқару кеудешесін кию және ешқандай оқыс қимыл жасамау, қайықтың шетіне еңкейіп тұрмау, жүрмеу қажет» дейді ведомстводан.

Сонымен бірге, ҚР ТЖМ күзгі-қысқы кезеңде су айдындары жұқа мұзбен жабылатынын және оған мұз астынан балық аулауды жақсы көретін балықшылар шығып, өз өміріне қауіп төндіретінін еске салады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Оқиға, Ақмола облысы,
Жоғары қарай