Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмола облысында жоғалған бойжеткен Нұр-Сұлтаннан табылды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 21:56

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 17 жастағы жасөспірім қыз Нұр-Сұлтан қаласында жүрген жерінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 мамырдың 22-де Целиноград аудандық ПБ кезекшілік бөліміне Талапкер ауылының тұрғыны, 38 жастағы әйел хабарласып, 17-і жастағы қызын іздеп табуға көмек сұраған. Анасының айтуынша, қызы мамырдың 21-де сағат 10:30 шамасында үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Жасөспірімді іздестіру үшін криминалдық полиция қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің туыстары мен таныстарынан сұрастырды, жақын маңдағы үй аулаларын тексерді. Нәтижесінде бойжеткен Нұр-Сұлтан қаласының Орман зауыты шағын ауданынан табылды»,-дейді ведомство өкілдері.

Полицияның хабарлауынша, жасөспірім дін аман, үйіне қайтарылып, өзімен және ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай