Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстанның 29 азаматы құтқарылды

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 16:01

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында жолда қалған Тәжікстан Республикасының 29 азаматы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Бурабай ауданының аумағында «Нұр-Сұлтан-Петропавл» күре жолының бойында «Сетра» жолаушылар автобусы техникалық ақауларға байланысты істен шығып, тоқтауға мәжбүр болған.

«Автобус Тәжікстаннан Ресейдің Сүргіт қаласына бағыт алған. Көлік ішінде барлығы 26 жолаушы мен 3 жүргізуші болды. Жолаушылардың барлығы Тәжікстан азаматтары, олардың төртеуі әйел де, біреуі бала. Араларында зардап шеккендер жоқ. Автобуста болған жолаушылар екіге бөлініп, «Щучинск қаласындағы жоғары техникалық колледжінің №13 және «Жалпы типтегі мектеп инернатының жатақханаларына жайғастырылды. Ешқайсысына медициналық көмек қажет болған жоқ», деп мәлім етті Бурабай аудандық ТЖБ бастығы міндетін атқарушы Қанат Бабаев.





Жоғары қарай