Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысындағы 5 ауданның прокурорлары тағайындалды

2021 жылдың 22 ақпан 2021 12:46

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысындағы 5 ауданның прокурорлары тағайындалды, , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Зеренді ауданының прокуроры болып Асқар Байжанов, Есіл ауданының прокуроры болып Асхат Қабдушев, Біржан Сал ауданының прокуроры болып Самат Нұрманбеков, Бурабай ауданының прокуроры болып Бағдат Шерәлі, Қорғалжын ауданының прокуроры болып Жандос Нұржанов тағайындалдыАсқар Байжанов 1981 жылы туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2002 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары, Ерейментау және Сандықтау аудандары прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған. Астрахан ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Бурабай ауданының прокуроры лауазымында қызмет атқарған.

Прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет өтілі бар.

Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

Асхат Қабдушев 1979 жылы туған.

ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2000 жылы бастаған. Әр жылдары Ақмола мамандандырылған прокурорының көмекшісі, Ақмола табиғатты қорғау прокурорының көмекшісі, Жақсы, Аршалы, Зеренді аудандары прокурорларының орынбасары қызметтерін атқарған. Ерейментау ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Біржан Сал ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Прокуратура органдарында 20 жылдан астам қызмет өтілі бар.

Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

Самат Нұрманбеков 1977 жылы туған.

«Фемида» Қарағанды заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2003 жылы бастаған. Әр жылдары Шортанды ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарды. Егіндікөл ауданының прокуроры болған. Осы уақытқа дейін Есіл ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Прокуратура органдарында 17 жылдан астам қызмет өтілі бар.

Сыныптық шені-әділет кеңесшісі.

Бағдат Шерәлі1988 жылы дүниеге келген.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі Академиясының заң институтын, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқық қорғау қызметі», «Құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2014 жылы бастаған. Нұр-Сұлтан қаласының прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін Қорғалжын ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.

Жандос Нұржанов 1985 жылы туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану»мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2010 жылы бастаған. Қарағанды облысының прокуратура органдарында, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген. Осы уақытқа дейін Степногорск қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Сыныптық шені-кіші әділет кеңесшісі.


Жоғары қарай