Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысындағы Көбейтұзға баруға тыйым салынады

2020 жылдың 19 шілде 2020 23:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ерейментау ауданының әкімі мен мобильді бақылау тобы демалыс күндері адамдар көп шоғырланған «Көбейтұз», «Теңіз» көліне рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталмыш аудан әкімдігінің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Ерейментау әкімі Абай Әлжанов көлде демалушылармен ауданда коронавирус ауруының кең таралуына байланысты қауіпсіздік шаралары туралы түсініктеме жүргізді.

Жалпы 2020 жылдың 13 шілдесіндегі Ерейментау ауданы әкімі Абай Әлжанов өткізген жедел штаб отырысының хаттамасында аталмыш көлдерге қатысты нақты ереже жазылған.

«Ерейментау ауданының тұрғындары арасында COVID-19 ауруының өсуіне байланысты және Ақмола облысы бойынша Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 04.07.2020 жылғы № 86 бұйрығына сәйкес, «Аумақта коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша карантиндік шараларды күшейту туралы», Ерейментау ауданының аумағында эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін - Ерейментау ауданы шекарасы аумағында орналасқан «Көбейтұз», «Кұрбет», «Теңіз», «Қоржынкөл» және басқа да көлдерге баруға тыйым салынады», - делінген хаттамада.

Әйтсе де әлеуметтік желіде тараған фотосуреттер мен видеолар бұл хаттама талаптары сақталмай отырғанын айғақтайды.



Жоғары қарай