Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысының әкімі Көбейтұзды қорғауға қатысты пікір білдірді

2021 жылдың 18 маусым 2021 15:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Көбейтұз көлін қорғауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы бұл мәселе қоғамдық резонанс тудырды. Мемлекет басшысы бұл мәселеге назар аударды. Бұл көл біздің өңірдегі ерекше орындардың бірі. Осы орайда көлді сақтап қалу үшін ол жерде адамдар қызмет етті. Сол аумақта санитарлық, суды қорғау аумағын жасадық. Сонымен қатар, Экология министрлігімен бірлесе тиісті талдау жүргіздік. Ондағы су мен тұзда ауыр металдар көп екені анықталды. Сондықтан туристердің денсаулығы үшін аталған көлде болу қауіпсіз емес», - деді Е. Маржықпаев Орталық коммуникациялар қызметінде.

Бұл тұрғыда ол адамдарды Көбейтұзға барудан тартуды сұрады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жықында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға Көбейтұзға бармауға кеңес берді.

Ведомство басшысы Көбейтұздың суы мен тұзы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін деген болжам айтты.


Жоғары қарай