Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысының ҚАЖД қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтады

2021 жылдың 29 мамыр 2021 19:30

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Балаларды қорғау күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ақкөлдегі №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл сайын 1 маусымда максималды қауіпсіздік мекемесінің ұжымы Ақкөлдегі балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап, сыйлықтар үйлестіреді. Биыл да сол дәстүр жалғасын тапты. Бұл жолы әдеттегідей, әр түрлі жастағы балаларға арналған ойыншықтар, баланы дамыту ойыншықтары, доптар және басқа да көптеген сыйлықтар үлестірілді.

«Бүгінгі таңда балалар үйінде жүзден астам бала тәрбиеленуде. Олар облыстың әр өңірінен келген. Балалар жасына қарай да, эмоционалды-психологиялық жағынан да ерекшеленеді, бірақ бәрі бірдей өздеріне көңіл бөлгенді қалайды, қамқорлыққа зәру», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Балалар үйі директорының орынбасары Анна Досмұхамбетова қызметкерлерге олардың тәрбиеленушілеріне көңіл бөлгені және балаларды қуантуға уақыт бөлгендері үшін алғыс білдірді.








Басты сөздер: ҚР ІІМ, Қоғам, Ақмола облысы,
Жоғары қарай