Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысының шалғай ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда

2021 жылдың 16 мамыр 2021 18:29

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жарқайың ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында пәтер кезегінде тұрғандар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспаналы болуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, өткен жылдың соңында аудан орталығы Державинск қаласындағы «Молодежный» шағынауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 60 пәтерлі тұрғын үй қайта жаңғыртылды. Күрделі жөндеу жұмыстар барысында үйдің шатыры жаңартылып, пластикалық терезелер орнатылды, қасбеті жылу өткізбейтін материал және металлосайдингпен қапталды, баспалдақ қоршаулары және алаңдарында таяныштар орнатылды.

«Бағдарламаның арқасында 3 көп балалы отбасы, 17 жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған бала және 40 халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адам пәтер алды. Қазіргі таңда Жарқайың ауданында мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегінде 370 адам тұр», – дейді аудан әкімдігіндегілер.

Айта кетсек, соңғы 13 жылда аудан орталығында 10 көппәтерлі үй қалпына келтіріліп, 396 пәтер кілті тапсырылды. Оның ішінде 19 - қызметтік, қалғаны халықтың осал топтарына, сондай -ақ, мемлекеттік қызметкерлер мен медицина қызметкерлеріне берілді.


Жоғары қарай