Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмола облысының тұрғындары жолдағы қауіпті учаскелерді қосымша арқылы біле алады

2021 жылдың 18 қаңтар 2021 02:47

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмолалықтар мобильді қосымша арқылы жолдың қауіпті учаскесі мен жақын маңдағы полиция пунктінің қайда орналасқанын біле алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңір полицейлері 2Gis қосымшасына маңызды функцияны қосып отыр.

«Енді іздеу жолында «полиция» деген сөзді жазу және Көкшетау қаласы бойынша кез келген ғимаратқа апару кезінде навигатордың қосымша бетінде ол қандай учаскелік полиция пунктіне жататыны көрсетіледі. Сонымен қатар, Көкшетау қаласы мен Ақмола облысының барлық учаскелік полиция пункттері мекен - жайын, учаскелік пункттің нөмірін, жұмыс режимін, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторының қызметтік және ұялы нөмірін электрондық картадан көруге болады», - деді ведомстводан.

Қосымшаны әзірлеушілерге аймақтық полиция департаментінен облыстың қауіпті жол учаскелері туралы ақпарат жолданды. Қауіпті жол учаскелерін электронды картаға енгізу қарастырылуда.

Полиция қызметкерлері атап өткендей, навигаторда қауіпті жол учаскелерін көрсету жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырады, ЖКО санын азайтады, сондай-ақ автомобиль кептелістерін азайтады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Қоғам, Жол,
Жоғары қарай