Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада әкімдік шенеуніктері мемлекеттік сатып алу шартын заңсыз жасасқан

2020 жылдың 16 қыркүйек 2020 18:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында әкімдік шенеуніктері мемлекеттік сатып алу туралы шартты заңсыз жасасқан. Бұл туралы облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығының және Бурабай ауданы әкімінің, сондай-ақ аудан әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өткен бейнеконференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың себептері мен жағдайларын жою үшін ҚР ҚПК 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыну қаралған шарада мемлекеттік қызметшілерге аудан әкімдігінің дербес бөлімдері бірінің басшы лауазымды тұлғасына және басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты жұмыстарды орындауға мемлекеттік сатып алу туралы шартты негізсіз жасасу фактісі бойынша қылмыстық іс шеңберінде ақпарат жеткізілді.

Атап айтқанда, мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысуға бір кәсіпорынға негізсіз жол берген, ал басқа әлеуетті өнім берушілер көпшілігінің конкурсқа қатысуға өтінімдерін заңсыз қабылдамаған. Бұдан әрі, тапсырыс беруші заңнаманы бұза отырып, біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін өнім берушімен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізген.

Осыған ұқсас құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚР заңнамасының бұзылуына жол берген кінәлі тұлғаларға қатаң тәртіптік шаралар қабылдау, ашықтық қағидатын сақтай отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды тиісінше ұйымдастыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ ұжымда тиісті түсіндіру жұмысын жүргізу ұсынылды.

«Мемлекеттік сатып алудағы бюджет қаражатының ауқымды айналымы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызатыны белгілі. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыру бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, арам шенеуніктер пайдакүнемдік мақсаттарды көздеп, одан ақша табуға тырысуда. Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жыл сайынғы Жолдауында «Мемлекеттік сатып алудың әлеуеті зор. Бұл қаржыны өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге жұмсауға болады. Шенеуніктер мен түрлі делдалдарды пайдаға кенелтіп отырған бұл табыс көзін жабатын кез келді» деп атап өтті. Сондықтан, сіздің ауданыңыздағы мемлекеттік қызметшілер тарапынан қандай да бір сыбайлас жемқорлық көріністері енді кездеспеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша алдын алу жұмыстарын тиісті түрде ұйымдастыру қажет», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Мұрат Төлеубаев.


Жоғары қарай