Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Ақмолада білім басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы өтті

2020 жылдың 15 ақпан 2020 04:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырəлімованың қатысуымен облыстық білім басқармасы алқасының кеңейтілген отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші рет жаңа форматта өткен отырысқа облыстық білім басқармасының, аудандық және қалалық білім бөлімінің басшылары қатысты.

Шара барысында бірнеше секция жұмыс істеді.

Бұдан әрі облыстық басқарманың басшысы міндетін атқарушы Валерий Гамазов «Ақмола облысы білім басқармасының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2020 жылғы міндеттері» туралы хабарлама жасады.

Сонымен қатар, «Қазіргі замаңғы жағдайда оқыту-тәрбие үрдісінің ерекшеліктері», «Ақмола облысы бойынша білім берудің жаңартылған мазмұнының өзекті мәселелерін әдістемелік сүйемелдеу», «Маманданды қазіргі замаңғы стандарттарға және инновациялық технологияларға даярлаудың тиімді жолдары» тақырыбында баяндамалар тыңдалды.

Шараны аймақ басшысының орынбасары Айна Мысырəлімова қорытындылап, 2020 жылдың алға қойылған міндеттерін белгіледі.















Жоғары қарай