Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада кәсіпорын шойын арматураны 17 есе қымбатқа сатып алмақ болған

2020 жылдың 27 қараша 2020 14:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында кәсіпорын шойын арматураны нарықтағы бағадан 17 есе қымбатқа сатып алмақшы болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау мақсатында Бірыңғай сатып алу терезесі арқылы мемлекеттік сатып алу жүйесіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг өңірдің бірқатар мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік секторының ұйымдарында жоспарланған тауарларға, жұмыстарға және қызметтерге бағаны көтеру фактілерін көрсетті.

Атап айтқанда, «Кокшетау жылу» мемлекеттік кәсіпорны жалпы сомасы 9 629 984 теңгеге немесе бір данасы үшін 1456 теңгеге металл дәнекерлеу электродын сатып алуды жоспарлаған, ал осы тауардың орташа нарықтық бағасы - 549 теңге.

Департаменттің ұсыныс хатынан кейін ұйым жоспарланған сатып алудың оңтайлы бағасын белгіледі. Осылайша 6 млн теңгеге жуық қаржы үнемделді.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосының ұсынысы бойынша Степногор қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жанындағы «Степногорск-водоканал» кәсіпорнында шойыннан жасалған құбыр арматурасының құнын төмендету жолымен шамамен 7 000 000 теңге үнемделді.

Шойын ысырмаларды сатып алу бастапқыда бір тауар үшін 1 470 000 сомасына жоспарланған болатын, алайда, медиандық баға - бір данасы 85 000 теңге.

Сонымен қатар, Атбасар ауданының әкімдігіне 950 мың теңгеге жуық сомаға кеңсе жиһазын сатып алуға тыйым салынды.


Жоғары қарай