Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

Ақмолада киікті қорғаған инспекторларға оқ атылды

2019 жылдың 23 шілде 2019 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысында киікті қорғаған екі инспекторға қарсы оқ атылды. Оның бірі ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, екі инспектор жарақат алды», - деп жазды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Инспекторлардың бірі ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр.

Қазіргі уақытта жаралы инспекторлар Державинск қаласының аудандық ауруханасына тасымалдануда. Онда санитарлық авиация шақырылған.

«Ақмола облысы Жарқайың ауданының полиция бөлімі күдіктілерді іздеп жатыр, оларды ұстау жоспары жарияланды. Қосымша ақпарат тағы хабарланады», - деп жазды Сәкен Ділахмет.


Еске сала кетсек, жыл басында Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында киік атқан браконьерлер екі инспекторды жаралаған еді. Ауыр жарақат алған Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда Астананың №1 ауруханасында көз жұмған еді.

Кейін Қызылорда облысында жүргізілген арнайы операция нәтижесінде жеке үйлердің бірінен Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты үш күдікті ұсталды.

Жоғары қарай