Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмолада құтқарушылар екі балықшының өміріне араша түсті

2019 жылдың 23 қыркүйек 2019 20:21

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданында қайықтарын толқын алып кеткен екі балықшы құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметіше, төтенше жағдай Шолақ өзенінде болған. Балық аулау кезінде қатты жел тұрып, екі балықшы қайығымен бірге жағадан алыстап кетеді.




«Балықшылар үш сағат бойы өз күштерімен жағаға жетуге тырысып көрді. Бірақ, олардың бұл әрекетінен түк шықпады. Осы кезде ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері көмекке келді», - деп түсіндірді ведомстводан.

ТЖД баспасөз қызметі келтірген мәліметтерге қарағанда, құтқарылған екі балықшыға да медициналық көмек қажет болмады.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай