Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада вакцина алмаған педагогтар мен персоналдар білім беру нысанына кіре алмайды

2021 жылдың 28 тамыз 2021 16:09

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымдарында коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 28 тамыздағы №34 қаулысында (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) педагогтар мен персоналдың 100 пайыз вакцинациялануы, (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып сауыққан адамдарды қоспағанда) уақытша медициналық көрсетілімдері бар және вакцинациядан өтпеген тұлғалар (7 күнде 1 рет) міндетті түрде ПТР- тестілеуден өтуі, сондай-ақ, ұйымға кіру кезінде Ashyq қосымшасын енгізу (педагогтарды, персоналды, ата-аналарды (заңды өкілдерді), 18 жастағы және одан асқан білім алушыларды QR код бойынша тіркеу қамтамасыз етілсін делінген.

Көпшіліктің қатысуымен іс-шаралар өткізуге (мәдени, тәрбие, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстары және т. б.), мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіре отырып іс-шаралар өткізуге тыйым салынған.

Ал, бөгде адамдардың кіруіне тыйым сала отырып, COVID-19-ға қарсы вакцинация алған (18 жасқа толмаған, сондай-ақ тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19 ауырып сауыққан студенттерді жатақханаға орналастыруға жол беріледі) студенттерді жатақханаға орналастыруға рұқсат етіледі.

Бұдан бөлек, оқу орны бойынша аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде (жылжымалы егу пункттерін немесе көшпелі егу бригадаларын қоса алғанда) COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын (екінші компонентпен) аяқтамаған студенттерге вакцинация жүргізуді ұйымдастыру қажеттігі айтылған.

COVID-19-ға қарсы вакцинациясы жоқ педагогтар мен персоналға (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 ай ішінде қоспағанда) кіруге рұқсат етілмейді.

Сонымен бірге, қаулыда сыныпта, бір ауысымның 30 пайыздан астам сыныптарында, колледждерде, жоғары оқу орындарында COVID-19 ауруы тіркелген кезде 14 күн бойы үй карантиніне оқшаулау қарастырылған.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап бастап күшіне енеді.


Жоғары қарай