Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақмолада жол апатынан 33 жастағы жүргізуші мен екі айлық сәби мерт болды

2019 жылдың 30 желтоқсан 2019 19:15

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жол апатынан екі адам көз жұмды. Оның біреуі бүлдіршін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның дерегі бойынша, жол апаты 29 желтоқсанда Целиноград ауданы аумағында «Екатеринбор - Алматы» тас жолының 1 207 шақырымында болған.

«Анықталғандай Целиноград ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған «Лада-21703» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Лада-21703» көлігімен соқтығысты. Осының салдарынан екінші көліктің 33 жастағы жүргізушісі (Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны) мен екі айлық бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды, тағы төрт адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті», - деді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткендей, жол - көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші наурыз айында жүргізуші куәлігінен айырылған. Қазіргі кезде, жүргізуші ұсталып, оны қамау шарасын қолдану мәселесі шешілуде.

«Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай