Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалық оқушы мен оның бауыры әлемнің үздік балаларының тізіміне енді

2020 жылдың 22 қараша 2020 04:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмолалық 13 жастағы Нұриза Елжас пен оның 11 жастағы бауыры Нұрдәулет әлемнің үздік балаларының қатарынан табылды.

Апалы інілі оқушылар өз өнерімен «Қазақстандағы №1» журналға, одан кейін «Әлемнің үздік балалары» халықаралық ресми сайтына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір күні балалардың анасы Әсемгүл Исеноваға баспаханадан хабарласып, оның қызы Нұриза туралы жазуға рұқсат сұрайды. Ал Әсемгүл Исенова балаларын ұсынған мұғалімдердің кім екені де есінде жоқ болып шығады.

«Әрине, қандай ата-ана баласының журнал бетінде үздіктер қатарынан көргісі келмейді. Біз ата-әжемізбен бірге тұрамыз, оларды немерелерінің жетістіктерімен қуантқымыз келді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне әңгіме барысында Ә.Исенова.

Оқушының мұндай биіктерден көрінуі тектен тек емес. Жасына қарамастан оқушы қыздың қол жеткізген жетістіктері мен марапаттары жетерлік. Бұған қоса, Нұриза сабағын «беске» оқиды, және Біржан сал атындағы музыка колледжінде фортепиано үйірмесіне қатысады.




Нұриза Абайдың 175 жылдығына арналған байқауға қатысып, эссе жазудан екінші орын алды. Ал, Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде ұйымдастырылған «Мен және менің әлемім» фотобайқауының «Коллаж» аталымы бойынша екінші орыннан көрінді.

2017 жылы Нұризаның анасы оның барлық өлеңдерін жинап, шағын жинақ қылып шығарды. Ол кезде қыз Көкшетау қалалық №1 орта мектептің төртінші сыныбында оқитын кезі. Қазіргі кезде, Назарбаев физико-математика бағытындағы интеллектуалды мектебінде білім алуда.




«Қазір қызым 8 сыныпта оқиды. Сурет салуды және кітап оқығанды ұнатады, ағылшын және француз тілдерін үйренуде. Ер жеткенде психолог және журналист болуды армандайды», - дейді Ә.Исенова.

Анасы қызымен бірге, ұлы Нұрдәулетті де байқаудың іріктеуі турына жіберген. Нұрдәулетте сабағын жақсы оқиды, ағаштан түрлі бұйымдар жасауға әуес, ағылшын тілін үйренуде.




Ол «Анама сыйлық!» республикалық байқауында екінші орын алды. Сол кезде, ол жіп пен темір сымнан гүл шоғын жасады. Сонымен бірге, ол «Қысқы пейзаж» республикалық байқауының «Қысқа сурет» аталымы бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Апалы інілі Нұриза мен Нұрдәулеттің есімдері мақалада жарияланғаннан бөлек, «Әлемнің үздік балалары» халықаралық ресми сайтына енгендігі туралы сертификат пен Алғыс хатқа ие болды.




















Авторы: Оксана Матасова
Жоғары қарай