Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмолалық оқушылар электронды мемлекеттік қызметтерді алуға үйренеді

2022 жылдың 24 қаңтар 2022 09:55

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласы колледждері мен мектептерінің информатика пәні оқытушыларын eGov.kz электрондық үкімет порталында жұмыс істеу дағдыларына оқыту жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған бағытта Департамент облыстық білім басқармасымен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жергілікті филиалымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Тренингтер барысында информатиктерді тек eGov порталы арқылы ғана емес, eGov mobile, Kaspi.kz және Homebank мобильді қосымшалары арқылы да қызметтерді алуға үйретуде.

«Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру Департамент қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Біздің мақсатымыз - оқытушыларды дайындау, ал олар өз кезегінде жоғары сынып оқушылары мен студенттерді оқытатын болады. Бұл біздің халқымыздың ең мобильді бөлігі, олар бірінші кезекте цифрлық дағдыларға ие болуы және өз дағыларымен үлкендермен бөлісуі тиіс», - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы Жазира Сейтмағанбетова.





Жоғары қарай