Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмолалық полицейлер көпбалалы отбасын өрттен аман алып қалды

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 13:49

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында полиция қызметкерлері көпбалалы отбасын өрттен құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт биылғы жылдың 5 қаңтарында сағат 11:00 шамасында Зеренді ауданының Викторовка ауылында орын алған.

«Өрт болған үйде көп балалы отбасы тұрды. Отағасы астанада жұмыс істейді. Үйде 34 жастағы Ирина мен оның бес баласы қалды. Өрт шыққан кезде әйел балаларымен бірге далаға жүгіріп шықты», - деді ведомстводан.

Сол уақытта әкімшілік аумақты аралап жүрген Зеренді аудандық ПБ учаскелік инспекторлары, полиция капитаны Ардақ Нұрмұқанов пен майор Ризабек Қуанышбаев далада тұрған әйелді балаларымен бірге қызметтік көлікке отырғызды. Ал өздері отқа оранған үйден газ баллонын сыртқа шығарып, өртті сөндіруге тырысты.




Осылайша, тәртіп сақшыларының қырағылығының арқасында үй толық жанып кетуден аман қалды.


Жоғары қарай