Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалықтар бүкіләлемдік «World clean up day» экологиялық акциясына атсалысты

2020 жылдың 20 қыркүйек 2020 04:24

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында бүкіләлемдік «World clean up day» экологиялық акциясы өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында өткен акцияға Жастар ресурстық орталығының белсенділері, волонтерлер, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшылары және қала тұрғындары қатысты.

Көкшетау қалалық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ксения Андросованың айтуынша, Бұқпа төбесінің аумағы мен бақылау алаңын тазалауға 150 астам адам қатысты.

«Волонтерлерқ қоқысты жинап қана қойған жоқ, пластик, шыны және картон қағаздарын бөліп іріктеді. Акцияға қатысушылардың біразы Қостанай бағытындағы тас жолдың бойындағы қоқыстарды жинады», - деп атап өтті Ксения Андросова.

Экологоия департаменті бастамашылық танытқан акция Көкшетау қаласында, сондай-ақ, Целиноград, Бурабай, Зеренді және Атбасар аудандарында өткізілді.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Экология,
Жоғары қарай