Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақмолалықтар төтенше жағдай режимін 323 рет бұзған

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 18:47

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының тұрғындары төтенше жағдай режимін 323 рет бұзған. Бейбіт митингті ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін 25 адам әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте облыстың 8 тұрғыны Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 476-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды.

«Облыс бойынша 13 блокпост жұмыс істейді, оның 8-і Көкшетау қаласында, 3-еуі Степногорда және 2-еуі Бурабай ауданында. Қаңтардың 8-інде Бурабай аудандық полиция бөліміне Оңтүстік Қазақстан облысының 8 тұрғыны жеткізілді. Олар бір күн бұрын Астанадан Бурабай кентіне келіп, курорттық аймақ аумағында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлікпен жүрген. Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін көлік құралдарының жүргізушілері Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 591-бабының 1-бөлігі және 230-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқат тартылды», - деді ведомстводан.

Сонымен қатар, кеше Нұр-Сұлтан қаласына кіре берістегі блокпоста Аршалы ауданы Жібек жолының тұрғынынан 75 оқ-дәрісі бар «Сайгак-410» тіркелмеген мылтық тәркіленді. Дәл осы күні Көкшетаудан елорда бағытына шыға берістегі блокпоста Щучье қаласы тұрғынының автокөлігінен «ТОЗ 87-01» маркалы тегіс ұңғылы мылтық табылды.

«Облыс аумағында сағат 23:00-ден 07:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді. Өңірдің 180-нен астам белсенді тұрғыны қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша ерікті жасақтарға қосылды, олардың 84 танымал спортшы. Облыс тұрғындарын құлағдар еті үшін «жедел желі» ашылды. Облыс тұрғындары 1303 нөміріне хабарласып, қажетті ақпаратты алуына болады. Бүгінгі күні Сall-орталыққа коменданттық патрульдеуге қатысу, алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салу, көңіл көтеру орындарының жұмыс істеуі мәселелері бойынша блокпостардың жұмысына қатысты 320 қоңырау келіп түсті. Бүгінгі таңда облыс аумағындағы жедел жағдай тұрақты», деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай