Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Ақмолалықтар Түркістан облысына гуманитарлық көмек жіберді

2020 жылдың 21 мамыр 2020 11:38

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының қоғам өкілдері ел болып, су тасқынынан зардап шеккен Түркістан облысына гуманитарлық көмек жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ең бірінші болып Атбасар ауданының кәсіпкерлері қол ұшын созды. Аудандағы «Шуйское» ЖШС директоры Алтынбек Құрманқұловтың айтуынша, бірінші транш бойынша су тасқынынан зардап шеккендерге 25 тонна ұн жіберілді.

«Отандастарымыз қиын жағдайға тап болған кезде қол ұшын созу біздің басты міндетіміз. Қазір біз екінші транш бойынша ұн жіберуді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті кәсіпкер.

«Көкшетау қаласының жүк клубы» автоәуесқойлар қауымдастығы ұйымдастырған азық-түлік, киім-кешек сияқты әлеуметтік маңызды тауар түріндегі гуманитарлық жүк тиелген автокеруен Мақтаарал ауданына атанды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық филиалы (Науан хазірет мешіті), «Зекет» қоры 4 миллион теңге көлемінде ақша аударды.

Қажетті көмек жинау жалғасып жатыр. Жалпы, Ақмола облысынан Мақтаарал ауданының тұрғындарына 50 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.


Жоғары қарай