Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолалықтардың 35,5 пайызы вакцинацияның толық курсынан өтті

2021 жылдың 12 қазан 2021 19:58

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні коронавируске қарсы вакцинаның екі компонентін Ақмола облысының 261 025 тұрғыны алды.

Бұл ретте вакцинациялаудың толық курсын алғандар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 429 жағдайы тіркелген, ал бұл рұқсат етілген 5 пайыз кезінде вакцинацияланғандардың жалпы санының 0,16 пайызын құрайды. Алайда статистикаға вакцинация паспорттарын сатып алғандар да кірді.

Бұл туралы брифингте Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айнагүл Мусинаның айтуынша, бүгінгі таңда Ақмола облысында коронавирусқа қарсы үш вакцинаны (Спутник V, Синофарм, QazVac) салдыруға болады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылдың IV тоқсанында «Pfizer» вакцинасын жеткізілмек. Бұдан бөлек, отандық вакцина тиімділігі жағынан шетелдік аналогтардан кем түспейді.

«Егу науқаны басталғаннан бері облыста вакцинаның 1 компонентінің 350 650 дозасы алынды, бүгінгі күні вакцинаның бірінші компонентімен 287 973 адам егілді, бұл тиісті контингенттің 60 пайызы. Облыс халқының жалпы санының 39 пайызын құрайды. Вакцинаның екінші компонентінің 323 425 дозасы алынды, облыстың 261 025 тұрғыны егілді - 54,5 пайызы. Облыс халқының жалпы санының 35,5 пайызын құрайды», - деп түсіндірді А.Мусина.


Жоғары қарай