Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақниет Әлімбай өзбек боксшысын жеңіп кетті

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 19:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өтіп жатқан кәсіпқой бокс кешінің екінші жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бокс кешінің екінші жекпе-жегінде қазақстандық Ақниет Әлімбай мен өзбекстандық Зайнобиддин Собиров арасында төрт раундтық жекпе-жекте қолғап түйістірген болатын.

Кездесу төрешілердің бірауыздан шешімімен Қазақстан боксшысының пайдасына шешілді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, кештің басты айқасында Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леал жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуіне таласқа түседі.

Жалпы, кеш аясында Қазақстанның 14 (13 жұп) боксшысының өнерін тамашалауға болады.


Автор Есімжан Нақтыбай
Басты сөздер: Спорт, Бокс, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай