Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақордада Абай мен әл-Фараби мерейтойына дайындық жөніндегі комиссия отырысы өтті

2020 жылдың 13 ақпан 2020 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Абайдың 175 жылдық және Әбу Насыр әл-Фарабидің 1 150 жылдық мерейтойына дайындық және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі, ел өңірлерінде осы ұлы тұлғалардың мерейтойларының ресми басталуы өткен айда салтанатты жағдайда ашылды. Атап айтсақ, 21 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана Опера» театрында Елбасының және Мемлекет басшысының қатысуымен Абайдың 175 жылдық мерейтойының алғашқы жылашар рәсімі өзіндік мазмұнымен, ерекше салтанатымен өткізілді. Сондай-ақ 29 қаңтарда Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық ұйымдар өкілдерінің және шетелдік, отандық ғалымдардың қатысуымен Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтуді бастаудың ресми рәсімі ұйымдастырылды», - деді отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы.





Оның айтуынша, аталған шараға 30-дан астам мемлекеттен делегация қатысқан.

«Біздің ендігі мақсатымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында атап өткеніндей, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын ысырапшылдыққа жол бермей ғұлама тұлғаларымыздың еңбектерін халық арасында, ғаламда кеңінен дәріптеуіміз керек. Сонымен бірге Мемлекет басшысының таяуда жарық көрген «Абай және 21 ғасыр« атты мақаласында белгіленген келелі міндеттерге орай мемлекеттік комиссия жұмысының жауапкершілігі одан ары арта түсті деп ойлаймын. Аталған мақалаға баспасөз бетінде үн қосқан зиялы қауым өкілдері мен отандастарымыздан Абай мұрасын насихаттауға байланысты көптеген ұсыныстар келіп түсті. Жұртшылықтың бұл ұсыныстарын барша орталық және жергілікті атқарушы органдар жұмыс барысында қаперге алуы тиіс деп есептейміз»,- деді Қырымбек Көшербаев.





Қырымбек Елеуұлының айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, осы мерейтойды өткізудің жалпы республикалық жоспарлары оңтайландырылып бекітілді. Қазіргі уақытта іске асырылып жатыр.





Жоғары қарай