Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақпарат министрлігі Жамбыл облысында журналистермен болған оқиғаға түсініктеме берді

2021 жылдың 16 қыркүйек 2021 18:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жамбыл облысында журналистермен болған оқиғаға түсініктеме берді. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Turaninfo.kz агенттіктің тілшісі И. Дастан мен «7 арнаның» тілшісі Д. Әлімқұлдың сотқа дейінгі тергеу аясында Жамбыл облысының полиция департаментіне шақыртылуы бойынша келесіні хабарлайды.

Министрлік аталған факті бойынша толық ақпарат беру жөнінде құқық қорғау органдарына сұрау жолдады.

Осы уақытқа дейін белгілі болған мәлімет бойынша қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Аталған іс бойынша жоғарыда аталған БАҚ өкілдерінің мәртебесі куәгер ретінде белгіленді. Министрлік бұл мәселені назарға алды және бақылауда ұстап отыр», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңына сәйкес, журналистер көпшілікке ақпарат таратпас бұрын, оның шынайылығын үнемі тексеріп отыруды ұмытпау керектігін ескертті.


Жоғары қарай