Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақпарат министрлігінде АҚШ өкілдері қарулы қақтығыс аймақтарынан оралған азаматтар мәселесін талқылады

2021 жылдың 4 қазан 2021 17:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакировтың АҚШ сарапшылары -Чикаго университетінің профессоры Стивен Уэйнмен, Джордж Вашингтон университетінің Эллиотт атындағы Халықаралық қатынастар мектебінің сарапшысы Ноа Такермен кездесті. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде өткен шара Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Мемлекеттік департаментінің қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту жөніндегі бірлескен жобасы шеңберінде өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақпарат министрігінің баспасөз қызметіне сітеме жасап.

Кездесу барысында профессор Уэйн АҚШ Мемлекеттік департаментінің грантын іске асыру шеңберінде оңалту саласындағы мамандармен семинарлар, вебинарлар мен дөңгелек үстелдер, сондай-ақ ұрыс қимылдары аймағынан оралған әйелдер мен балалармен кездесулер өткізіп жатқанын атап өтті.

Жиында Б.Бәкіров «Жусан» операциясы аясында оралған репатрианттарды оңалту және қайта әлеуметтендіру бойынша Дін істері комитетімен жүргізіп жатқан жұмыстары және осы саладағы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қол жеткізген оң нәтижелері туралы баяндады.

Талқылау барысында қарулы қақтығыстар аймақтарынан оралған азаматтарды оңалту мәселелері бойынша екі тарап үшін қызығушылық тудыратын мәселелер қозғалды.








Жоғары қарай