Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақсай қаласында екі автокөлік түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті

2021 жылдың 7 наурыз 2021 17:44

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ақсай қаласында екі автокөлік түйісіп, жүргізуші ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 наурыз күні шамамен 21.00-де Халықтар достығы көшесіндегі «Виадук» жол өткелінде болды.

«Toyota Croun» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жолдың жағдайын (жабысқақ қар) ескермей, рульге ие бола алмай, қарсы бетке шығып кетіп, 34 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан ГАЗ-2705-254 көлігімен соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан «Toyota Croun» жүргізушісі түрлі жарақатпен Бөрлі аудандық орталық ауруханасының хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Жеңіл көлікте отырған 18 жастағы жолаушы мен ГАЗ-2705-254 автокөлігінің жүргізушісі дәрігерлер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді.

Аталған дерек Бөрлі ауданы полиция бөлімінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабы 1-бөлігіне сәйкес тіркелді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, түрлі жарақат алған жүргізуші жеңіл дәрежелі мас күйінде болған. Хирургиялық бөлімшеде емделуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда боранға байланысты республикалық жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай