Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ақсай шатқалында Қызыл кітапқа енген аю фототұзаққа түсіп қалды

2020 жылдың 8 тамыз 2020 18:17

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ақсай шатқалында Қазақстанның Қызыл кітабына енген Тянь-Шань бурыл аюы фототұзаққа түсіп қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іле Алатауы Ұлттық паркінің хабарлауынша, карантин енгізілгені бері табиғатқа антропогенді ықпал азайған.

«Сондықтан, жануарлар қалаға жақын жерге түсе бастаған. Барлық орман сүтқоректілері сияқты аю да иіс, дыбысқа бағдар ұстайды. Жыртқыш аң тіпті 12 шақырымдай жердегі өлген жануарлардың иісін сезе алады. Алайда, монохромды болғандықтан көру қабілеті нашар»,- дейді Ұлттық парк маманы.


Жоғары қарай