Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ Ауғанстаннан әскерін толық әкетті

2021 жылдың 31 тамыз 2021 07:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пентагон АҚШ әскерлерін кабулдық әуежайдан эвакуациялау аяқталғанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Пентагон баспасөз хатшысы Джон Кирби мен теңіз жаяу әскері генералы Кеннет Маккензи қазіргі кезде өтіп жатқан брифингте американдық әскери қызметкерлер отырған соңғы ұшақтың Кабул әуежайынан ұшып шыққанын растады.

Американдықтар мен тәлібтер арасындағы келісім бойынша, әскери қызметкерлерді эвакуациялау 31 тамыз күні аяқталуы тиіс болды.

ВВС тілшісі Лиз Дусет тәлібтердің біршама уақыт бұрын желіде арнайы жасағының американдықтармен кездескен фотосуреттерін жариялағанын жазды, алдын ала болжам бойынша, бұл әуежайды тапсыру процесі болған.


Басты сөздер: Әлем, Ауғанстан, АҚШ, Америка,
Жоғары қарай