Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

АҚШ барлау қызметі коронавирустың қалай пайда болғанын мәлім етті

2020 жылдың 1 мамыр 2020 00:35

ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ Ұлттық барлау қызметі коронавирус инфекциясы қалай пайда болғаны жөніндегі өз қорытындысын жариялады. Бұл туралы АҚШ Барлау қызметі директорының кеңсесі хабарлады.

Құжатта АҚШ-тың барлық барлау қоғамдастықтары COVID-19 вирусы адам қолымен жасалмағаны туралы кең тараған ғылыми консенсуспен келісетіні жөнінде айтылған.

«Коронавирус адам қолымен жасалмаған және генетикалық тұрғыда жетілдірілген вирус емес» делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, АҚШ Ұлттық барлау қызметі індеттің нақты қайдан тарағанын анықтау үшін ақпараттарды және барлау мәліметтерін бақылап отырмақ.

Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Ухань қаласында пневмония өршігені туралы хабарлады. Ауру – коронавирустың жаңа түрі, оған COVID-19 деген ресми атау берілген.

Кейінірек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті пандемия деп жариялады.

Әлемде бұл инфекция 3,2 млн-нан астам адамда анықталды. Ал 1 млн-нан астам адам бұл аурудан айығып кетті. 229 399 кісі көз жұмды.


Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Коронавирус, Америка, Әлем,
Жоғары қарай