Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

АҚШ елшісі Уильям Мозер Семей сынақ полигонына келді

2019 жылдың 28 мамыр 2019 18:51

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - АҚШ елшісі Уильям Мозер мен АҚШ Қорғаныс министрлігі Қауіп-қатерді азайту жөніндегі агенттігінің (DTRA) директоры Вейл Оксфорд Семей сынақ полигоны алаңына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Курчатов қаласына сапармен келген АҚШ елшісі Уильям Мозер «Байкал-1» зерттеу реакторлары кешеніне барды. Онда атом энергетикасын дамыту саласындағы және ядролық қаруды таратпау мәселелерін шешудегі қазақстандық-америкалық ынтымақтастық шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру барысымен танысты. Атап айтқанда, БН-350 реакторының пайдаланылған ядролық отынын тасымалдау және сақтау жөніндегі бірегей жобаны іске асыру, объектілердің физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету нәтижелері ұсынылды. Сондай-ақ, зерттеу реакторларын төмен байытылған отынға конверсиялау бойынша ағымдағы жұмыстармен танысты.

ҚР Ұлттық ядролық орталығы мен АҚШ ұйымдарының ядролық сынақтарды жүргізу инфрақұрылымдарын жою жөніндегі алғашқы жұмыстары «Жаппай қырып-жоятын қару инфрақұрылымын жою» жөніндегі келісім шеңберінде 1996-2000 жылдар аралығында жүргізілді.

«2000 жылдан бастап жұмыстар үшжақты негізде (ҚР-АҚШ-РФ) жүргізілді. Нәтижесінде ядролық қызмет қалдықтары бар сынақ ұңғымалары консервацияланды. «Колба» контейнерлері көмілді, екі объектіден арнайы технологиялық жабдықтар алынып, Ресейге әкетілді. Барлық жоспарланған штольнялық объектілерде ядролық қызмет қалдықтарын байланыстыру және физикалық тосқауылдарды күшейту жұмыстары толығымен аяқталды. Сондай-ақ, DTRA өкілдерімен бірге ССП сынақ алаңдарында үш деңгейлі физикалық қорғаудың заманауи жүйесі құрылды» делінген ҚР Ұлттық ядролық орталығы таратқан ақпаратта.

Жоғары қарай